Министрлік қандас талапкерлер үшін жаңадан енгізілген талаптарды жариялады.
ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен "Отандастар қоры" бірлесіп шетелдегі Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін еліміздің жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстан жоғары оқу орындарына түсу үшін биылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылданды:
Біріншіден, Казакстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шектік балл болмайды.
Екіншіден, бес емтиханның орынына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы жене таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән).
Үшіншіден, төрт жоғарғы оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мумкіндік сақталып калды.
Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарга орыс тілінде тапсыруға мумкіндік сақталды.
Нәтижелер республикалық, мерзімді басылымдардың беттерінде және сайттарда 10 тамызға дейін жарияланады.