Президенттікке үміткерлердің бірінің үгіт материалына қасақана зиян келтіргені анықталған.
ERNUR.KZ. Президент сайлауының үгіт-насихатына бөлінген уақыт аралығында 3 жеке тұлға, 4 заңды тұлғаға айыппұл салынған. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында ҚР бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев айтты, деп жазады baq.kz.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірді білу үшін сауалнама жүргізуге Қазақстанда заң жүзінде тіркелген, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуде кем дегенде бес жылдық тәжірибесі бар заңды тұлғалардың ғана құқығы бар. Оның үстіне, сауалнама жүргізетін ұйым Орталық сайлау комиссиясын алдын ала жазбаша түрде ескертіп, тиісті құжаттардың көшірмесін тапсыруы керек. Алайда, кейбір әлеуметтік желі қолданушылары мен интернет-ресурстар сауалнама жүргізіп, заңды бұзды. Соған сәйкес, прокуратура жеке тұлғаға, 4 заңды тұлғаға айыппұл салынды. Барлық сот істеріне 15 және 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Осыған ұқсас фактілердің қайталанылуын болдырмау үшін бас прокуратура 8 және 23 мамырда БАҚ-та сайлау бойынша сауалнама жүргізу тәртібін түсіндіріп, баспасөз хабарламаларын орналастырды, барлығын заңдылықты сақтауға шақырды", - дейді Болат Дембаев.
Оның айтуынша, сондай-ақ президенттікке үміткерлердің бірінің үгіт материалына қасақана зиян келтіргені анықталған.
«Осы дерек бойынша елорда тұрғыны әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 114-бабына сәйкес 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі», - деді ол.
Жалпы, сайлауға қатысты сотқа 11 өтініш келіп түскен. Оның ішінде екеуі кері қайтарылған, төртеуі қабылданған, үшеуінен сот бас тартқан, біреуін қанағаттандырған, біреуі өндірісте болған.
«Егер прокуратураға шағымдану туралы айтсақ, қазіргі кезде 21 арыз түсті. Олардың ішінде 13-і сайлау комиссияларына қайта жіберілді. Себебі, бұл мәселені шешу өз құзыретіне жатады. Өзге 8 өтініш бойынша прокурорлар кандидаттың өзін-өзі ұсынуы және сайлаушыны тіркеу бөлігінде түсіндірме берді», - деді Дембаев.