Үйдің техникалық паспортын қашан ауыстыру қажет

0
137

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Telegram-дағы ресми арнасында құжатты ауыстыру азаматтардың қалауына қарай қарай жүргізілетіні айтылған.


Үйдің техникалық паспортын қашан ауыстыру қажет

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы барлық үй иелері техникалық паспорттарды кадастрлық паспортқа ауыстыруы керек деген ақпараттың мән-жайын түсіндірді, деп жазады stan.kz.

Мемлекеттік корпорацияның байланыс қызметінің басшысы Асқар Атағулин бұл ақпарат шындыққа жанаспайтыны мәлімдеді.

"Тек екінші деңгейлі банктерге жүгінген (несие, кепілзат және т.б.) немесе нотариустар арқылы мәміле жасалған жағдайда (олардың өтініші бойынша) ауыстыру талап етіледі. Қалған барлық жағдайларда ауыстыру меншік иелерінің өтініші бойынша іске асырылады. Яғни, мұндай міндеттеме жоқ", – деп түсіндірді Атағулин.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Telegram-дағы ресми арнасында құжатты ауыстыру азаматтардың қалауына қарай қарай жүргізілетіні айтылған, яғни:

- қайта жабдықтау немесе қайта жоспарлау нәтижесінде техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда;

- нысанды бөлу және біріктіру кезінде;

- құқық белгілейтін құжаттағы сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісінің нақты деректерімен сәйкессіздігін анықтау қажеттілігі туындаған жағдайда құжатты ауыстыру қажет.