Үкімет 9 айда Ұлттық қордан 4 трлн теңге алған

0
248

Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 115% орындалып, 5 трлн 894 млрд теңге болған.


Үкімет 9 айда Ұлттық қордан 4 трлн теңге алған

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық қордан бюджетке қанша трансферт тартылғанын айтты, деп жазады inform.kz.

«Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша бюджетке 5,1 млрд теңге түсті. Әкімшілендіруді цифрландыру саласында қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде, 9 айдағы салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберіндегі қосымша түсімдер 794 млрд теңге болды. Республикалық бюджетке трансферт түсімдері 4,5 трлн теңге болды. Оның ішінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт ретінде 2 трлн теңге, нысаналы трансферт третінде 2 трлн теңге тартылды», -деді Мәди Такиев.

Минисрдің айтуынша, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 115% орындалып, 5 трлн 894 млрд теңге болған.

«Кірістер бойынша барлық өңірлерде жоспар асыра орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда 127% өсіп, 1 трлн 242 млрд теңгеге жетті. Мұндай кірістердің өсуі, сыртқы факторларға тәуелсіз, тұрақты салықтарды жергілікті бюджеттерге бекітумен қамтамасыз етілді», - деді ведомство басшысы.