Үкімет басшысы әйелдердің неше жаста зейнетақыға шығатынын түсіндірді

0
604

Журналистер Премьер-министрден әйелдердің зейнетақы жасына байланысты нақтылауын сұрады.


Үкімет басшысы әйелдердің неше жаста зейнетақыға шығатынын түсіндірді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Журналистер Премьер-министрден әйелдердің зейнетақы жасына байланысты нақтылауын сұрады.

Расымен де, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып сақталады. Осы 5 жыл ішінде біз денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруіміз, халықтың өмір сүру жасын ұзартуымыз керек. Ол үшін ауылдағы медицинаны жақсартып, аудандардағы медициналық емханаларды жаңғыртамыз. Көпбейінді ауруханалар саламыз. Сонымен бірге зейнетақы жүйесін әрі қарай жетілдіруіміз қажет, - деп атап өтті Әлихан Смайылов Мәжілістің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Айтуынша, жинақты зейнетақы алу мөлшері 2025 жылға ұзартылады.

Жинақты зейнетақы алу мөлшерін 2025 жылға 27%-ға ұлғайтамыз деген жоспарымыз бар. Осы жұмыстың нәтижесінде 2028 жылы зейнетке шығу жасын әрі қарай ұлғайтамыз ба, әлде қалдырамыз ба, қарастырып көреміз, - деді Үкімет басшысы.

Еске сала кетейік, еліміздегі әйелдер қауымы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 61 жасында зейнетке шығады.