Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе бере отырып, институционалдық трансформациялау шараларын қабылдауды тапсырды.
Үкімет басшысы отандық ғылымды дамыту бағытында Білім және ғылым министрлігіне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
30 сәуірге дейін Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануын қамтамасыз етсін.
Жас таланттарды іздеу және оларды ғылымға тарту механизмдерін пысықтасын, зерттеу әлеуеті жоғары ғалымдардың жаңа буынының ақпараттық базасын жасасын.
Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе бере отырып, институционалдық трансформациялау шараларын қабылдасын.
Ғылым қорының экономикалық тиімділігін арттыруға, ғылыми зерттеулерді капиталдандыруға, олардың инвестициялық тартымдылығын, барлық кезеңдегі ашықтығын арттыруға баса мән бере отырып, оның ребрендингін қамтамасыз етсін.
Бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жобасына ғылымды қажет ететін өндірістерді, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруда ғылымның үлесі бойынша бөлім қосып, оның нақты индикаторларын белгілеуді қамтамасыз етсін.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктерімен бірлесіп, ғылыми-техникалық кеңестер құруды және жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруының орталықтандырылған механизмін енгізуді қамамасыз етсін.