Қаулы 5 қыркүйектен бастап күшіне енді.
ERNUR.KZ. Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Үкімет қаулысына қол қойды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қаулыға сай, аталған ведомствоға мына функциялар берілді:
- өз құзыреті шегінде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жекелеген тауарларға қатысты тыйым салулар мен сан жағынан шектеулерді (квоталарды) енгізеді;
- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша квоталарды бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөледі, сондай-ақ квоталар мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды;
- жекелеген тауар түрлерін Қазақстан аумағынан экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлардың нысаналы мақсатын растаудың тәртібі мен нысанын әзірлейді және бекітеді;
- тауарлардың нысаналы мақсатын растауды ұсынады.
Қаулы 5 қыркүйектен бастап күшіне енді.