Үкімет жеңілдетілген автокредитке қосымша ақша бөлуі мүмкін

0
460

​Автокредитке түсіп жатқан өтінім бөлінген қаражаттан көп.


Үкімет жеңілдетілген автокредитке қосымша ақша бөлуі мүмкін

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автокредит бағдарламасы мемлекет тарапынан қосымша қаржыландырылуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп жазады sputnik.kz.

Айтуынша, автокредит бағдарламасы қазақстандықтар арасында өте танымал. Бағдарлама іске қосылғалы 12 мыңнан аса адам несие алған.
"Енді револьверлік әдіспен бұдан да көп беріледі. Бағдарлама өте танымал. Қазір револьверлік негізде 188 млрд теңге айналымда жүр", - деді Скляр үкімет кулуарында.
Ол бұған дейін РОП-та бұғатталған 100 млрд теңге жеңілдетілген автокредит бағдарламасына берілгенін еске салды.
Айтуынша, автокредитке түсіп жатқан өтінім бөлінген қаражаттан көп. Сол себепті үкімет соманы ұлғайтудың мүмкіндіктерін іздейді.
"Мемлекет тарапынан қаржыландыру мүмкіндікке қарай болады. Егер қаржылық мүмкіндіктер болса, әрине, біз мұны пайдаланамыз", - деді Скляр.
Десе де ол мұның қашан жүзеге асатынын айта алмады.