Ал үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара береді.
Роман Скляр уақытша премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін", - делінген Қаулыда.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулыға қол қойды. Осылайша Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.