Марқұм Ақнәрдің анасы Гүлстан Хамит әлеуметтік желіде тағы да үндеу жасап, істің ұзаққа созылып кеткеніне алаңдаушылық білдірген.
Ulysmedia.kz коллажы
ERNUR.KZ. Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты іс әлі күнге дейін сотқа жетпеген, деп жазады ulysmedia.kz.
Марқұм Ақнәрдің анасы Гүлстан Хамит әлеуметтік желіде тағы да үндеу жасап, істің ұзаққа созылып кеткеніне алаңдаушылық білдірген.
Оның айтуынша, тергеудің созбалаңға салынғанына бір жылдан асқан.
ІС НЕГЕ СОЗЫЛЫП КЕТТІ?
Бір жыл тоғыз ай (628 күн). Ақнәр ісі не үшін кабинеттен кабинетке көшіп жүр? Бұл істің созылуы, бұрмалауға салынуы жүйелі мәселе ме, әлде жеке жауапсыздық па? 628 күн ішінде тергеу қандай нақты нәтижеге жетті? Қай орган істің созылуына жауапты? Неге осы уақытқа дейін кінәлілер бостандықта жүр? – деп сұрайды ашынған ана.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ақнәрдің анасы президенттен көмек сұраған еді.
СҰҚБАТ
Ақнәрдің анасы Гүлістан Хамит Ұлысмедиаға арнайы сұқбат берген болатын.
АҚНӘРДІҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ
22 жастағы Ақнәр Гүлстан Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап, қаза болған. Бастапқыда полиция істі «Өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша қозғаған. Бірақ марқұмның анасы мен туыстары оған қарсы шыққан. Олардың сөзінше, Ақнәрдің денесінде азаптау белгілері болған. Шашы жұлынып, тырнағы сынып, денесінде тістелген іздер табылған. Марқұмның анасы Гүлстан Хамит Ақнәрдің қазасына оқиға болған күні оның жанында болған құрбыларының қатысы бар деп топшылайды.


