Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Бішкекте түнде митингіге қатысушылар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Қырғызстанмен арадағы шекара күзеті тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр, деп жазады zakon.kz.
"Біз әдеттегідей режимде жұмыс істеп жатырмыз", - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі.
5 қазанда Бішкектегі Ала-Тоо орталық алаңында сайлауда Парламентке өтпей қалған партиялардың жақтастарының наразылық шеруі басталды. Олар сайлау нәтижелерінің жойылуын және екінші рет дауыс беруді талап етті.
Бішкек Қазақстан шекарасына жақын орналасқан.