Украина Ресейді Қазақстаннан жеткізілетін көмір жолын жапты деп айыптады

0
572

29 қазанда Герус Ресей 1 қарашадан бастап Украинаға жылу көмірін жеткізуді тоқтататынын мәлімдеген болатын.


Украина Ресейді Қазақстаннан жеткізілетін көмір жолын жапты деп айыптады

ERNUR.KZ. Украина Жоғарғы Радасының депутаты, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің басшысы Андрей Герус Ресейді Киевке Қазақстаннан көмір жеткізуге тосқауыл қойды деп айыптады. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды, деп жазады Stan.kz.

Оның сөзінше, қараша айындағы барлық жеткізу жолдарына тосқауыл қойылған. Ол бұғаттау "мұндай көмір тиеген вагондардың Ресей Федерациясы арқылы транзитпен өтуін растамайтын Ресей темір жолдары деңгейінде" болып жатқанын атап өтті. Герус сондай-ақ, шектеу тек жылу көміріне ғана қойылғанын ал кокстелетін көмірді жеткізуге қатысы жоқ екенін баса айтқан.

29 қазанда Герус Ресей 1 қарашадан бастап Украинаға жылу көмірін жеткізуді тоқтататынын мәлімдеген болатын. Бұған дейін Украинаның энергетикалық жүйесінің операторы "Укрэнерго" отынның бұл түрінің тапшылығы артып жатқанын айтқан еді.

Сонымен қатар Ресейдің Экономикалық даму және сауда министрлігі Ресейдегі сұраныстың артуына және ішкі нарықты қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты Украинаға жылу көмірін жеткізу тоқтатылатынын түсіндірген. Мұнымен қатар Ресей көрші елге көмірдің басқа түрлерін импорттауды жалғастыра береді. Жалпы, ресейлік экспорттың жартысын Киевтің барлық сатып алулары құрайды.