Украинада әлі де Қазақстан азаматтары бар - CІМ

0
618

Сонымен қатар ол Украинаның соғыс жүріп жатқан өңірлерінде Қазақстан азаматтарының қалып қойғанын атап өтті.


Украинада әлі де Қазақстан азаматтары бар - CІМ

ERNUR.KZ. Украинада әлі де Қазақстан азаматтары қалып отыр. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ең алдымен, Елшілігіміз Киевтен Львовқа қоныс аударды. Ол эвакуацияланған жоқ, жұмысын жалғастырып жатыр», - деді вице-премьер Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол Украинаның соғыс жүріп жатқан өңірлерінде Қазақстан азаматтарының қалып қойғанын атап өтті.

«Соғыс іс-қимылдары жүріп жатқан ең қауіпті жерлерде, аумақта азаматтарымыз әлі де бар және оларды шығару мәселесі тұр. Қазіргі уақытта гуманитарлық дәзілдің ашылуын күтіп отырмыз. Ол жайында украиндық және ресейлік тарап арасында келіссөз жүргізіліп жатыр. Мүмкіндік туған сәттен-ақ аталған гуманитарлық дәліз арқылы сол жақта қалып қойған азаматтарымызды эвакуациялаймыз», - деді Мұхтар Тілеуберді.