Украинадан эвакуациялау кезінде алматылық отбасы сәбилі болды

0
736

Жас ата-ана сәбидің есімін Батыр деп қоюды жөн көріпті.


Украинадан эвакуациялау кезінде алматылық отбасы сәбилі болды

ERNUR.KZ. Украинада жұмыс бабымен жүрген алматылық отбасының көптен күткен сәбиі эвакуациялау кезінде дүниеге келді, деп жазады Zakon.kz.

Бауыржан Игіліковтің отбасымен Киевке көшіп кеткеніне екі жыл болған. Украинадағы жағдайға байланысты жерлестерімізді эвакуациялау кезінде айы-күні жақындаған келіншегі дүниеге 8 жыл күткен тұңғышын әкеліпті. Жас ата-ана сәбидің есімін Батыр деп қоюды жөн көріпті.

Жолда келе жатып босанды. Хмельницкте Дунаевцы деген аудандағы перзентханада бір дәрігер баланы алуға келісті. Өйткені 40-шы апта болатын... Оған дейін біз Киевтің Адонец деген клиникасымен келісімшарт жасасып қойған болатынбыз. Бірақ ол жерге телефон соққанымызда басқа жаққа барыңыздар, бізге бомбамен шабуылдайды деген соң, кетіп қалдық. Сосын келіншегім босанған күннің ертесінде сол клиникаға зымыран тигенін естідік. Құдай сақтап, кетіп қалғанымыз жақсы болыпты.Алматы қаласының тұрғыны Бауыржан Игіліков

Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтанға Украинадағы жерлестеріміздің төртінші легі ұшып келді.

4 наурызда үшінші рейспен Қазақстанға 131 жолаушы оралған еді, оның 20-сы балалар.

Қазақстандық дипломаттар Қазақстан Республикасының 731 азаматына Украинадан шығуға көмек көрсетті.