Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің «Ресей өтініш білдірсе, Қазақстан Донецк пен Луганскіге өз әскерін жібере ме?» деген сауалына да жауап берді.
ERNUR.KZ. Қажеттілік туындаған жағдайда Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жолдары қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Киевтегі Елшілігіміз қазіргі уақытта толықтай жұмыс істеп тұр. Украинадағы азаматтарымызбен байланысып отыр. Оларды эвакуациялау жағдайы туындаған кездегі жолдардың да қарастырылып жатқаны сөзсіз. Қандай да бір әскери іс-қимыл орын алған жағдайда азаматтарымызға шұғыл түрде Киевтегі елшілігімізге хабарласу керек», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің «Ресей өтініш білдірсе, Қазақстан Донецк пен Луганскіге өз әскерін жібере ме?» деген сауалына да жауап берді. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар. Оған Қазақстан мүше. Бірақ, бұл ұйымның ол жаққа әскер жіберуге құқы жоқ», - деді Мұхтар Тілеуберді.