Шараға Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Электрондық соғыс әскерлерінің бастығы генерал-лейтенант Юрий Ласточкин, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.
ERNUR.KZ. Астанада ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы электронды соғыс мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп жазады sputnik.kz.
Шараға Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Электрондық соғыс әскерлерінің бастығы генерал-лейтенант Юрий Ласточкин, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда электронды соғыс күштері мен құралдарын қолдану тәжірибесі, ҰҚШҰ ТЖРҚ "Өзара іс-қимыл-2023" бірлескен оқу-жаттығуы аясында электронды соғыс бөлімшелерін бірлесіп пайдалануды ұйымдастыру бойынша зерттеу нәтижелері, сондай-ақ сондай-ақ электрондық соғыс технологиясының үйлесімді үлгілерін жабдықтау саласындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары қаралды.
Талқылау нәтижелері бойынша Ұйымның электрондық соғыс саласындағы нормативтік құқықтық базасын одан әрі жетілдіру қажет деген шешімдер шығарылды.