Ұлттық Банк: 2023 жылы импорт рекордтық деңгейге жетеді

0
565

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша импорттық тауарлардың физикалық жеткізілімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өсті.


Ұлттық Банк: 2023 жылы импорт рекордтық деңгейге жетеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылы күтілетін импорт айтарлықтай болады және 2016 жылғы деңгейден екі есе асып, өзінің рекордтық деңгейіне жетеді. Сонымен бірге, 2024 және 2025 жылдары импорттық тауарлардың одан әрі өсуі тиісінше 54,1 млрд доллар және 54,6 млрд долларды құрайды деп күтілуде", – деді спикер.

Ақылжан Баймағамбетовтың хабарлауынша, бұл өсім негізінен келесі факторларға байланысты.

Біріншіден, шетелдік тауарлар бағасының өсуі байқалғанымен, халық пен бизнестің сұранысы тұрақты болып отыр. Мәселен, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша импорттық тауарлардың физикалық жеткізілімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өсті. Бұл өсім негізінен тұтыну және аралық тауарларда болды. Азық-түлік емес тұтыну тауарларына қатысты импортқа қосымша қысым реэкспорттың байқалған өсімінен туындап отыр.

"Екіншіден, 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда Ресейден 2022 жылдың 9 айында 11%-ға қысқарған физикалық жеткізілімдердің жоғарыда аталған ұлғаюы басқа нарықтарға, мысалы, Қытайға біртіндеп қайта бағдарлануын көрсетеді. Үшіншіден, орта мерзімді перспективада жоспарланған фискалдық шығыстар аралық тауарлар импортының одан әрі өсуін ынталандырады", – деді Ұлттық Банк mөрағасының орынбасары.