Ұлттық қордан тағы 2 трлн теңге алынбақ

0
233

Депутаттар құжатты жұмысқа қабылдап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.


Ұлттық қордан тағы 2 трлн теңге алынбақ

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары 2024 жылға арналған кірістер болжамын нақтылайтын заң жобасын жұмысқа алды, деп жазады baq.kz.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, норма «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында бекітілген.

Жоба екі негізгі бағыт бойынша республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленді. Біріншіден, 2024 жылға арналған кірістердің нақтыланған болжамы бекітілген жоспардан 2 трлн теңгені мақсатты трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша тарту жоспарланып отыр, – деді Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева.

Республикалық бюджеттің шығыстары мен тапшылығының параметрлері Үкіметтің 2023 жылға арналған бюджет қалдықтарын пайдалана отырып, 61,3 млрд теңге сомасында жүргізген бюджеттік түзетулерін ескере отырып өзгертілген.

Осылайша, республикалық бюджеттің нақтыланған шығыстары бекітілген көрсеткішке қатысты 61,3 млрд теңгеге ұлғая отырып болжанады. Биылға тапшылық 3,6 трлн теңге, сондай-ақ 61,3 млрд теңгеге ұлғаяды, - деп түсіндірді Татьяна Савельева.

Депутаттар құжатты жұмысқа қабылдап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаттары «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады.