Бұған дейін Ұлттық құрылтай Ұлытау, Түркістан және Атырау облыстарында өткен еді.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өз сөзінде президент бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келгенін айтты.
"Кейінгі жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Ұлттық құрылтай Ұлытау, Түркістан және Атырау облыстарында өткен еді. Төртінші пленарлық отырыс Бурабайда өтіп жатыр.