Тергеу жалғасып жатыр.
ERNUR.KZ. Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді", - делінген хабарламада.
28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.