Салтанатты рəсім қасиетті Құран аятымен ашылды.
ERNUR.KZ. Ұлттық нақышта безендірілген жаңа оныншы мешіт бой көтеріп, салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады КТК.
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өз сөзінде мешіт – сүйіспеншілік пен бауырмалдықтың, игілік пен ізгіліктің, бірлік пен мейірімділіктің, барша жақсылықтың тоғысқан құтты мекені екенін атап өтті.
«Ақ мешітте» бір мезетте 1200 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт жанында салынған медресе 75 адамға арналған. Мешітте ерлер мен әйелдер арналған намаз залы, неке қию бөлмесі, мәжіліс залы, Құран оқуға арналған бөлме, мейрамхана және мәйітхана бар.
Жаңа ғибадат орны Алматы ауданының Ғ. Мұстафин көшесінде орналасқан. Қасбеті тұтас ақ мәрмар таспен көмкерілгендіктен, «Aqmeshit» атауын иеленген. Ғимарттың басты ерекшелігі - мұнараларының санында. Классикалық мешіттерде олар төртеу болады.
Жаңа мешітте екі мұнара бар және олар стильдері бойынша түрлі 3 секциядан тұрады. Жаңадан ашылған «Aq meshit» мешітінің ғимараты толығымен ақ мәрмәрмен көмкерілген. Құрылыстың бірегейлігі мұнаралардың санында. Мешіттерде дәстүр бойынша төрт мұнара болады. Архитекторлардың сызбасы бойынша жаңа мешітте екі мұнара бірақ, үш түрлі стильдегі секциялардан тұрады.