Өз қызметтерін кәсіби атқарғаны үшін аталған жауынгерлер 5517-әскери бөлім командирімен ынталандырылды.
ERNUR.KZ. Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері шприцпен жүрген нашақорды қолға түсірді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 наурыз күні «Солтүстік-шығыс» шағынауданында орын алды.
Құрамында кіші сержант Ағатай Әжіқанов (топ басшысы), қатардағы жауынгерлер Исламбек Сариев пен Сангин Маккамов бар топ «Шаңырақ» балабақшасының жанындағы гараждар маңында жүрген күдікті жас жігітті байқайды.
Ұлттық ұлан жауынгерлерінен бой тасаламақ болған тұрғынды құжаттарын тексеру үшін кідіртіп, қараған кезде оның күртесінің қалтасынан шприц пен сұйық есірткі табылды. Күдікті одан әрі тексеру үшін Орал қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Қырағылық көрсетіп, өз қызметтерін кәсіби атқарғаны үшін аталған жауынгерлер 5517-әскери бөлім командирімен ынталандырылды.