Экс-бөлім басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Ұлытау облысы Жезқазған қаласында 218 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған, деп жазады sputnik.kz.
"Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жоғары баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданған. Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңге", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша жауапқа тартылып, қаражат мемлекетке қайтарылды.