Ұлытау облысында пайдаланылмай тұрған шахтадағы өрт оқшауланды

0
193

Алдын ала мәлімет бойынша, пайдаланылмай тұрған шахтада 233 метр ағаш қаптаманың бойы жанған.


Ұлытау облысында пайдаланылмай тұрған шахтадағы өрт оқшауланды

фото: Акорда

ERNUR.KZ. Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласынан 35 км қашықтықта орналасқан "Оңтүстік Жезқазған" кенішінің №45 шахтасы аумағында өрт болды, деп жазады sputnik.kz.
22 қыркүйек сағат 13:05-те басталған өрттің жер үстіндегі жануы 1 сағатта оқшауланды.
"Кейін өрттің шахта оқпанының жерасты бөлігіндегі ағаш конструкцияларға тарағаны анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, 233 метр ағаш қаптаманың бойы жанған. Шахта 2025 жылдан бері пайдаланылмайды", - дейді ТЖД.
Қауіпсіздік мақсатында №65 шахтаның жұмысы тоқтатылып, 152 адам жер бетіне толық шығарылды.
Қазіргі уақытта шахтадағы жағдайды барлау жұмыстарын ЖАСО қызметкерлері мен инженерлік-техникалық құрамнан тұратын 25 адам жүргізіп жатыр. Өрт толығымен сөндірілген.