Ұлытау облысындағы қыстақта 3 адам иіс тиіп қаза болды

0
435

Үй иесі және оның қонақтары уланып, қайтыс болды.


Ұлытау облысындағы қыстақта 3 адам иіс тиіп қаза болды

ERNUR.KZ. Ұлытау облысының Ұлытау ауданында пештен шыққан ысқа уланып, 3 адам қайтыс болды, деп жазады inform.kz.

"27 ақпан күні Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары — ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша уланудың себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу" делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.