Ұрлыққа қарсы жаза қатайды

0
1 673

Қылмыскерлердің татуласу мүмкіндігін жойылып, олардың қылмыстық жазадан құтылуына жол берілмейді.


Ұрлыққа қарсы жаза қатайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуына қарағанда, өткен жылы ұрланған 15,5 мың бас малдың 7 мыңнан астамы иелеріне қайтарылған. Осындай қылмыс жасағаны үшін 2124 адам ұсталып, 340 қылмыстық топ әшкереленді.

"Ағымдағы жылдың қаңтарында Алматы облысының полиция департаментінің қызметкерлері 5 адамнан құралған қылмыстық топты әшкереледі. Бұл топтың Кеген ауданы аумағында үш ауыр қылмыс жасағаны анықтаолды. Олар жалпы саны 88 бас жылқы малын ұрлаған. Іле ауданында осындай тағы бір топ ұсталды. Бұл қылмыстық топ ірілі-ұсақты малдарды ұрлаумен айналысқан. Жалпы 240 қой ұрлаған, оның 210-ы иелеріне қайтарылды. Бұл топтағы бес адамның басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде" - дейді Нұрділдә Ораз.

ІІМ-нің бастамасы бойынша осындай қылмысты бірнеше рет қайталап жасаған адамдарға қатысты жаза қатаңдатылды.

"Жыл басында Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілді. ҚК-тің 188 (ұрлық), 189 (сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемдену немесе шығынға ұшырату) және 190 (алаяқтық) баптарына 2-ші бөлігінен 3-ші бөлігіне ауыстыра отырып, «қылмыстың қайталану» белгілері енгізілді. Осындай қылмыстарды ауыр қылмыстар санатына ауыстыру қылмыскерлердің татуласу мүмкіндігін жойып, олардың қылмыстық жазадан құтылуына жол бермейді" - деді ол.