«Үш адвокат қорғайды»: Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған баланың отбасына көмектесті

0
344

Айтбек Амангелді Талғардағы төбелесте көз жұмған 16 жастағы Шерзаттың отбасы үшін адвокаттармен келісіп, адвокаттар тегін көмек көрсететін болды.


«Үш адвокат қорғайды»: Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған баланың отбасына көмектесті

фото: ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы, құқыққорғаушы Айтбек Амангелді Талғарда өлтірілген бозбаланың отбасына тегін адвокат тауып берді, деп жазады ulysmedia.kz.

Айтбек Амангелді Талғардағы төбелесте көз жұмған 16 жастағы Шерзаттың отбасы үшін адвокаттармен келісіп, адвокаттар тегін көмек көрсететін болды.

Біз Шерзаттың отбасына үш адвокат тауып бердік. Олар тегін көмектесуге келісті. Қазір тергеу жүріп жатыр. Адвокаттар орган өкілдерімен бірлесіп, жәбірленушілерден жауап алып жатыр. Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Жанжал кезінде марқұм баланың әкесі мен ағасы да зардап шеккен, – деді Айтбек Амангелді.

Марқұмның отбасына адвокат Асқар Қаймақов, Карина Көшербаева, Марал Жайлаубаева көмектесетін болады. Сондай-ақ бұл іске құқық қорғаушы Саида Тәуекелова қосылған.

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда бір топ жігіттің қолынан қаза болған жасөспірімнің туыстары күдіктілердің жартысы ұсталмағанын, сол үшін әділдік іздейтіндерін айтқан болатын.