Әуежайға қойылған гүлдердің ішіндегі ең жақсыларын таңдап алған.
ERNUR.KZ. Белгісіз ер азамат марқұмдарды еске алу үшін қойылған гүлдерді Алматы әуежайына қойылған гүлдерді алып кетпекші болған, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы фотограф Вячеслав Батурин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырыпты. Айтуынша, әуежай маңында тұрған фотограф бір мезгілде сол жерге қойылған гүлдерді ішіндегі ең жақсыларын таңдап алып, артынша әкетіп бара жатқан азаматты байқап қалады.
Вячеслав алғашында әлгі ер азаматтың не істейін деп жатқанын бірден түсіне қоймапты. Фотограф бейтаныс азамт гүл әкеп қойып жатыр екен деп ойлап қалыпты. Дегенмен оның бұл әрекетіне куә болған Вячеслав гүл ұрлақмақшы болған азаматты тоқтатып үлгеріпті.
"Ол гүлдерді алып кетті. Сол үшін оны қуып барып, тоқтатуға тура келді. Мүмкін мен бекер бұлай істедім", - деп жазыпты тұрғынның бұл ісіне налыған Вячеслав Батурин.