Үшқоңыр тауын меншіктеп алғандардың әрекеті тексеріледі

0
341

Үшқоңыр тауы «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағына кірмейді, оның шекарасы Шамалған өзенінің шығыс жағынан өтеді.


Үшқоңыр тауын меншіктеп алғандардың әрекеті тексеріледі

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Үшқоңыр тауын меншіктеп алғандардың әрекеті тексеріледі, деп жаздаы baq.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында орналасқан «Үшқоңыр» үстірті аумағында орналасқан жерлерге қатысты сауалына жауап берді.

Депутат сауалында тауды жекеменшігіне айналдырып алғандар жайлы мәселені көтерген.

Алматы облысы Қарасай ауданы прокуратурасының жер заңнамасының талаптарын бұзушылығын жою туралы ұсынымы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімшесі Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне енгізілген.

Прокуратураның жер заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұсынымында, заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру барысында атқарушы органдардың Жер кодексінің талаптарын бұзғаны хабарланған. Осы ретте департамент былтыр наурыз және сәуір айларында Алматы облысының Қарасай аудандық сотына және Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскелерін сатып алу-сату келісімшарттарын заңсыз деп тану және оның күшін жою жөнінде үш талап-арыздар жолдаған, - делінген вице-премьердің ресми жауабында.

Алайда «Дүние-Агро» ЖШС-не тиесілі көлемі 193,0 гектар жер учаскесіне берілген талап арыз Алматы облысының Қарасай аудандық сотының шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылған.

Департамент бұл шешіммен келіспей, 2023 жылдың желтоқсан айында Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағым берген.

Ал қалған екі талап-арыз қазіргі уақытта Алматы облысы Қарасай аудандық соты мен Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралып жатыр.

Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасының талабымен Үшқоңыр үстіртінен жеке тұлғаларға жер учаскелерін берудің заңдылығына, яғни қыратқа барар жолға қойылған шлагбаум орналасқан жер учаскесіне баға беру сұралды. Бүгінде департамент тарапынан туындаған заң бұзушылықтарға қатысты Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің қызметінде жер заңдылықтарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар министрлік сіздердің депутаттық сауалдарыңызда көрсетілген Үшқоңыр үстіртінде жалпы ауданы 13,597 гектар жерлерді мақсатсыз пайдаланып жатқан жер пайдаланушыларға қатысты заңнамалық тәртіпте шұғыл шаралар қабылдау жөнінде департаментке тиісті тапсырма берілді, - деді Серік Жұманғарин депутатқа берген жауабында.

Үшқоңыр тауы «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағына кірмейді, оның шекарасы Шамалған өзенінің шығыс жағынан өтеді.