“Ұсқынсыз қазақ”: Астанада аялдамада қарияға шабуылдаған анасы мен баласы жұрттың жағасын ұстатты

0
1 097

Ашуға мінген әйел қарияны жерден алып, жерге салады.


“Ұсқынсыз қазақ”: Астанада аялдамада қарияға шабуылдаған анасы мен баласы жұрттың жағасын ұстатты

ERNUR.KZ. Желіде Астана қаласындағы аялдамалардың бірінде орын сұрағаны үшін қарияға айғайлаған әйел мен шабуыл жасап, ұрған баланың видеосы тарады, деп жазады stan.kz.

Видеода ашуға мінген әйел қарияны жерден алып, жерге салады. Ал қасында тұрған баласы тіпті зейнеткерді ұра бастағаны көрсетілген.

“Полиция шақырамын, ұсқынсыз қазақ”, – деген сөздер мен әйелдің айғайы естілген.

Бұл оқиға желі қолданушыларының шамына тиді.

“Ұятсыз әйел, ұлы да оңбай тұр! Қарияның орнында жас болса, үндемес еді”, “Басқаларға сабақ болуы үшін мына әйелді тауып жазалау керек”, “Қорқақ қазақ”, “Әкесіндей адамды жеп қоя жаздады”, – деп жазды пікір қалдырушылар.

Аталған оқиғаға байланысты Астана қаласының полиция департаменті пікір білдірді.

“Instagram әлеуметтік желісін бақылау кезінде Абай даңғылындағы аялдамада орын алған жанжалдың видеосы белгілі болды. Ерекше қажеттіліктері бар азамат пен оның баласы 83 жастағы қариямен ауызша жанжалдасып қалғаны анықталды. Полицейлер аталған фактіге қатысты тұлғаларды анықтап, олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Екі тарап та бір ұлттың мүшелері. Азаматтардың бір-біріне арыз-шағымдары жоқ. Полицияға арыз түспеді”, – деді Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.