Ұзынағаш ауылындағы атыстан бір адам көз жұмған болатын.
ERNUR.KZ. Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге сот санкциясымен іздеу жарияланды, деп жазады Stan.kz.
Алматы облысы полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес келесі азаматтарға іздеу жарияланған:
– Козыбаев Гани Муратұлы – 31 жаста, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;
– Аскар Жаныбекұлы Тыныштыков – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;
– Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша іздестірілуде;
– Нурсултан Бахтиярулы Аукенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша іздестірілуде.
Алматы облысының полиция департаменті іздеу жарияланған азаматтар туралы мәліметтері бар барлық адамдарға келесі телефондар бойынша хабарлауды сұрайды: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102.
Еске салайық, Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам көз жұмды. Тағы екі адам жарақат алған еді. Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 4 тамызда 16:20 шамасында Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатын алған үш адам жеткізілген.
Кейін полиция департаменті жанжалдың қайғылы оқиғадан бұрын басталғанын мәлімдеді. Кей ақпаратқа сәйкес жанжал мектеп кезінен басталған.