Тиктокерлер іште қалып, мәдениетке сай келмейтін әрекеттер жасаған.
ERNUR.KZ. Астанада төрт жігіт "Анвар" гипермаркетінде түнде жасырынып кіріп, жабылғаннан кейін TikTok-та бейнеконтент түсіріп, тамақтарын жеген, деп жазады stan.kz.
Полицияның хабарлауынша, тиктокерлер іште қалып, мәдениетке сай келмейтін әрекеттер жасаған.
Жігіттер сусындар мен тамақтарын ішіп, арбаларға мініп, сөрелерді ақтарған. Ал қазір құқық бұзушыларды жеке күзет фирмасының ГБР қызметкерлері ұстап алып, мән-жайларды анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 434-бабы “Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және сот шешім қабылдағанға дейін уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды.