Вице-премьер Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрлігін басқарады

0
284


Вице-премьер Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрлігін басқарады

ERNUR.KZ. Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің кандидатурасына келісім берді, деп жазады Stan.kz.




“Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілді”, – делінген мәжіліс хабарламасында.

Серік Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінде сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің орынбасары қызметіне келген еді.