Соттың алдын ала тыңдалымы қашан өтетіні әлі белгісіз.
Фото: instagram.com/01pk
ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында волонтер Перизат Қайрат ісі бойынша тың деректер айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Тілшілер агенттік өкілінен "Перизат Қайраттың ісі неге созылып кетті?" деп сұрады.
"Қылмыстық істің материалдарымен оған қатысы бар тұлғалар танысып жатыр. Кесте бойынша танысу 9 маусымда аяқталады. Кейін тағы 3 күн өтініш жасауға беріледі. Содан кейін прокуратура 10 күн ішінде істі сотқа жіберуге шешім қабылдайды. Күдікті ретінде екі адам, яғни Перизат Қайрат пен оның анасы танылып отыр", - деді орынбасары Жеңіс Елемесов.
Айта кету керек, бұған дейін волонтер Перизат Қайрат анасымен бірге сотта жауап беретінін жазған едік. Оған қатысты істі тергеу аяқталды. Перизат Қайрат өзіне тағылған айыппен келіспей отыр.