Кәмелетке толмаған азаматтар волонтерлер бола алатынын ескере отырып, заң аясында олар үшін денсаулық пен адамгершілік дамуына қатер төндірмейтін волонтерлік қызмет түрлерін нақтылаған.
ERNUR.KZ. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік наградалар беру көзделген, деп жазады baq.kz.
"Волонтерлерді мемлекеттік деңгейде көтермелеу үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік наградалар беру көзделген. Сонымен қатар волонтерлік қызмет жұмысқа орналасу кезінде ескерілетін болады.Волонтерлік ұйымдарға жеңілдікті шарттармен мемлекеттік мүлік берілетін болады, бұл қойма үй-жайларының проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Волонтерлік қызметті дамыту Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, ҮЕҰ үшін гранттық қаржыландыру және сыйлықақылар беру бағыттарының тізбесіне енгізілді", - деді «ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет ОКҚ қызметінде өткен брифингте.
Ол атағандай, кәмелетке толмаған азаматтар волонтерлер бола алатынын ескере отырып, заң аясында олар үшін денсаулық пен адамгершілік дамуына қатер төндірмейтін волонтерлік қызмет түрлерін нақтылаған.
"Жаңа форматты енгізу халықтың қажеттіліктеріне бағытталған өзекті бағыттар бойынша гранттар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Гранттардың тиімділігін бағалау тетігі көзделген, ол үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтедің сапасын, бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және кейіннен гранттарды қалыптастыру үшін негіздеме болады. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың жаңа тетігі – стратегиялық әріптестік енгізілді", - деді ол.