"Westoil Software"компаниясының мәлімдемесі - 50 адам жұмыстан босатылды

0
506


"Westoil Software"компаниясының мәлімдеме жасап, наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген 50 адам қызметтен босатылғанын хабарлады.

Бұл туралы "Westoil Software"компаниясының әкімшісі Мархабат Казбеков өзінің фейсбук парақшасында жариялады.

"Бұрын хабарлағанымыздай наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген 50 адам қызметтен босатылды.

Бүгін, 29 ақпанда" Westoil Software " компаниясы жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан үміткерлермен әңгімелесуді бастады. Қызметкерлер заңсыз наразылық акциясына қатысқанына қарамастан, біз оларға жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін келісім комиссиясы арқылы қайта жұмыс орындарына оралуға мүмкіндік береміз.
Пайда болған бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеу заңсыз наразылық акциясына қатысушылармен еңбек шарттары бұзылған және оларды жұмысқа кезекке тұрған азаматтармен ауыстырған кезде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады", - делінген жазбада.

Айта кетейік, былтыр желтоқсан айынан бері West Oil Software (WOS) компаниясының 400-ге жуық қызметкері жұмыс орындарын тастап, ереуілге шыққан болатын. Бұған дейін «Westoil Software» компаниясының 120 қызметкері ұзақ ереуілден кейін жұмыс орындарына оралғаны хабарланған еді.

Бөлісу