WhatsApp-та тағы бір жаңа функция пайда болды

0
262

Пайдаланушы бейнеқоңырау кезінде фонды бұлыңғыр ете алады, сондықтан қоршаған орта көрінбейді.


WhatsApp-та тағы бір жаңа функция пайда болды

Фото: blog.whatsapp.com

ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджерін әзірлеушілер бейнеқоңырауларды жақсарту үшін он фильтр мен он фон ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.

Компания блогындағы мәлімет бойынша, жаңа құралдар бейнеқоңырау кезінде әртүрлі фильтр мен виртуал фондар арқылы суретті жақсартуға мүмкіндік береді. Фильтрлер ассортименті Instagram Stories-тегі негізгі жиынтыққа ұқсайды.

Пайдаланушы бейнеқоңырау кезінде фонды бұлыңғыр ете алады, сондықтан қоршаған орта көрінбейді. Сонымен қатар, әзірлеушілер кескінді өңдеуді және түнгі түсіру режимін қосты.

Жеке немесе топтық бейне қоңырау кезінде жаңа фондар мен фильтрлерді қолдану үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы эффект белгішелерін түрту керек. Алдағы апталарда бұл функциялар барлық мессенджер пайдаланушыларына қолжетімді болады.