​Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін экскурсиялар ұйымдастырылады

0
1 394

6-9 мамыр аралығында Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен қаланың сол жақ жағалауына тегін саяхаттай алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін экскурсиялар ұйымдастырылады

фото (red-bus-astana.satu.kz) сайтынан алынды

6-9 мамыр аралығында Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен қаланың сол жақ жағалауына тегін саяхаттай алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған шараға қатысушылар «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығын, «Хан Шатыр» орталығын, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасын, Ұлттық Музейді, «Астана Бәйтерек» монументі мен «MEGA Silkway» сауда ойын-сауық орталығын аралап қайтады.

Автобустағы экскурсиялар қазақ және орыс тілдерінде аудиогидтің көмегімен жүргізіледі (бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде, ауысу арқылы).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10:00 (қазақ тілінде);

- сағ. 12:05 (орыс тілінде);

- сағ. 14:30 (қазақ тілінде);

- сағ. 16:35 (орыс тілінде);

- сағ. 18:40 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар арқылы: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «MEGA SilkWay» СОСО, Ұлттық музей және«Бәйтерек» монументі.

«MEGA Silkway» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10:00 (қазақ тілінде);

- сағ. 12:05 (орыс тілінде);

- сағ. 14:10 (қазақ тілінде);

- сағ. 16:40 (орыс тілінде);

- сағ. 18:45 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар арқылы: Ұлттық музей, «Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

+7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: Visit Astana