Мектеп бітірушілер кештерін өткізуге қатысты мектептің әкімшілігі, ата-аналар кеңесі өздері шешім қабылдайды.
Мектеп бітірушілер кештерін өткізуге қатысты мектептің әкімшілігі, ата-аналар кеңесі өздері шешім қабылдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министр көп сұралатын сауалға тоқтала келе, бұл тұрғыда мектеп бітірушілер кешін өткізу үшін қомақты ақша жиналатындығы, осы орайда министрлік тарапынан бұл мәселені бақылауға алу мәселесі көтерілетінін атап өтті.
«Осы кешті өткізетін біздің арнайы тұжырымдамамыз жоқ. Ол жыл сайын ұйымдастырылатын мерекелік шара, мектептер өздері қалай өткізетіндігін жақсы біледі. Мектептің әкімшілігі, бақылау кеңесі, ата-аналар кеңесі жиналып, шешім қабылдайды. Ата-аналар аттестат тапсыру ресми бөлігіне барып, осыдан кейінгі шараларға бармауға құқығы бар. Осы орайда ата-аналарды салтанатты жиыннан кейінгі мерекелеу шараларына баруына ешкім де мәжбүрлемейді», - деді министр.
Айта кетейік, өткен жылы маңғыстаулық түлектер мектеп бітіру кешіне жиналған қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған болатын.