Смайылов палатаны 2024 жылдың сәуірінен бері басқарып келеді.
фото:ашық дереккөз
ERNUR.KZ. Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп жазады ulysmedia.kz.
Смайылов палатаны 2024 жылдың сәуірінен бері басқарып келеді.
Премьер-министр қызметінен бюджет бақылауына дейін
Әлихан Смайылов 53 жаста, Алматыда туған. Білімі бойынша қолданбалы математика маманы, мемлекеттік басқару магистрі.
Еңбек жолында ол екі рет Статистика агенттігін басқарды, қаржы министрі, президенттің көмекшісі және премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылдың қаңтарында Үкімет басшысы болып тағайындалды. 2024 жылдың ақпанында премьер-министр қызметінен кеткен. Ал сол жылдың 1 сәуірінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы болып тағайындалды.
Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді қалай басқаратынын тексереді.


