Премьер-министр Әли Асадов қаулыға қол қойды,
Сурет: unsplash
ERNUR.KZ. Әзірбайжан территориясында ерекше карантин режимінің қолданылу мерзімі ұзартылды, деп жазады zakon.kz.
Әзірбайжанның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, премьер-министр Әли Асадов қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес, ел аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына және одан туындауы ықтимал салдарларға жол бермеу мақсатында республикадағы ерекше карантин режимінің мерзімі 2027 жылдың 2 қаңтарына дейін ұзартылды.
Айта кетсек, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова 2025-2026 жылдардағы жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық туралы қаулыға қол қойған болатын.


