Заң бойынша қоғамдық кеңестердің өкілеттілігі кеңейтілді

0
544

Қоғамдық кеңестер институты қазіргі уақытта қоғам мен билік, мемлекет пен билік арасындағы «көпір» қызметін атқарып, халық арасында оң бағасын алды.


Заң бойынша қоғамдық кеңестердің өкілеттілігі кеңейтілді

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәжілісі барысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов хабарлады. Оның айтуынша, қоғамдық кеңестер 5 институционалды реформа шеңберінде жұмыс істеп келеді, деп жазады baq.kz.

Сонымен қатар қоғамдық кеңестер 2015 жылы енгізілген институт болып табылады.

"Қоғамдық кеңестер институты қазіргі уақытта қоғам мен билік, мемлекет пен билік арасындағы «көпір» қызметін атқарып, халық арасында оң бағасын алды. Министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі – бұл қоғамдық кеңестердің жұмысына талдау жүргізу, әдістемелік нұсқаулықтар ұсыну және қолданыстағы тәжірибені жалпылау болып табылады", - деді Болат Тілепов.

Ескеретін дүние, диалог пен азаматтық қатысу дәстүрін дамыту, ынтымақтастығымыз бен бірлігімізге негіз болатын озық құндылықтарды дәріптеу – өте маңызды.

Әрине, бұл істе бізге тәуелсіз институт ретінде қалыптасқан қоғамдық кеңестердің қолдауы қажет.

"Қазіргі таңда «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жыл басында Мемлекет басшысы аталған заңға қол қойылған болатын. Заңға бірқатар негізгі өзгерістер енгізілді", - деп атап өтті вице-министр.

Айта кететін жайт, Заңға енгізілген өзгерістер бойынша қоғамдық кеңестердің өкілеттілігі кеңейтілген.

"Сондай-ақ кеңестерді құру үрдісі қайта қаралды. Уәкілетті орган айқындалды, жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар қоғамдық кеңестер квазимемлекеттік субъектілерде де құрылатын болады", - деді ол.