Зейнет жасына келген Тасмағамбетов қызметінде қала ма?

0
908

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі дипломаттар мемлекеттік қызметші екенін және елдің заңына бағынатынын айтты. Алайда шешімді мемлекет басшысы қабылдайды.


Зейнет жасына келген Тасмағамбетов қызметінде қала ма?

ERNUR.KZ. Дипломаттар зейнет жасына келгенде жұмысынан кетеді. Бұл жайлы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов 9 желтоқсан күні 63 жасқа толды. Бұл жаста елде ер адамдар зейнетке шығады. Әлеуметтік желіде саясаткердің алдағы карьерасы қызу талқыланып жатыр.

"Тасмағамбетовтің немен айналысатынын білмеймін. Мұны жетекшіліктен сұрау керек", - деді Нұрышев.

Ол дипломаттар мемлекеттік қызметші екенін айтты. Сондықтан олар елдің заңына бағынады. Алайда шешімді мемлекет басшысы қабылдайды.

Дипломат қандай жағдайда өз орнын сақтап қалды деген сұраққа:

"Мұны мемлекет басшысы шешеді", - деді министрдің бірінші орынбасары.

Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылдың 3 ақпанынан бері Қазақстанның Ресейдегі елшісі.