Зейнетке шығатын қазақстандықтар қағазбастылықтан босатылуы мүмкін

0
636

Министрлік еңбек кітапшаларындағы деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеге көшіруді мақсат етіп отыр.


Зейнетке шығатын қазақстандықтар қағазбастылықтан босатылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

“Зейнеткерлер құжаттарын зейнетке шығуға рәсімдеген кезде бюрократияны азайтқымыз келеді. Әрине мұнда еңбек кітапшаларын цифрландыру бойынша процесс бар. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Сол себептен келесі жылы кадр бөлімдерінің еңбек кітапшаларын бір ақпараттық жүйеге енгізу бағытында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамалық тұрғыдан өзгерістер жасамақ. Әр ұйымда кадр бөлімі бар екені белгілі, онда жұмыс істейтін мамандар зейнеткердің еңбек кітапшалары бойынша барлық ақпаратын деректер базасына енгізуге міндеттеледі. Сәйкесінше, біз зейнетақыны автоматты түрде проактивті есептеуге мүмкіндік аламыз”, - деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Бағдат Мусиннің сөзінше, министрлік жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 түрлі анықтамаларды жою, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақшаға кезекке тұру сияқты жобаларды да әзірлеп жатыр. Ол Астана және Алматы секілді республикалық маңызы бар қалаларда I- Qala жобасы енгізілгенін еске салды.

“Жыл сайын 700 мыңдай адам шарт жасауға 30 күн жұмсайтын, оны 5 минутқа қысқарттық. Енді жаңа пәтер иесіне SMS келіп, барлық коммуналдық шарттар онлайн түрде жасалады. Жоба республика көлемінде тираждалады”, - деп атап өтті ведомство басшысы.