Жайық өзенінде инспекторлар квадроциклімен бірге мұз астына құлап кетті (ВИДЕО)

0
98

Олар дер кезінде судан шығып үлгерген.


Жайық өзенінде инспекторлар квадроциклімен бірге мұз астына құлап кетті (ВИДЕО)

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Браконьерлікпен күреске бағытталған рейд кезінде Жайық өзеніндегі Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері квадроциклімен бірге мұз астына құлап кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.


Рейд кезінде инспекторлар қызметтік тапсырма орындап жүрген. Құтқару жилеттерін кигендіктен, олар өздігінен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеген.

Қазір құтқарушылар квадроциклді судан шығаруға тырысып жатыр. Кейін оның техникалық жағдайына тиісті баға беріледі.