Оның жеке басы анықталды. Жасы 20-да.
ERNUR.KZ. Бүгін ТЖД қызметкерлері Жайық өзенінен жас келіншектің денесін алып шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бүгін Жайық өзенінің «Атырау» шипажайы маңындағы тұсында адамның денесі ағып бара жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар Жайық өзенінен жас келіншектің мәйітін алып шықты. Оның жеке басы анықталды. Жасы 20-да. Неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД.