Жалдамалы жұмысшыларды қорғайтын заң мақұлданды

0
119

Сенатор Талғат Жүнісовтың айтуынша, бұған дейін елімізде ең төменгі жалақыны белгілеу мен төлеуге қатысты талаптар енгізілді.


Жалдамалы жұмысшыларды қорғайтын заң мақұлданды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Сенат депутаттары ең төмен жалақыны белгілейтін конвенцияны ратификациялау туралы заңды мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.
Сенатор Талғат Жүнісовтың айтуынша, бұған дейін елімізде ең төменгі жалақыны белгілеу мен төлеуге қатысты талаптар енгізілді. Соның барлығы халықаралық конвенцияға сай келеді.
"Мәселен, еліміздегі ең төмен жалақыны үкімет жыл сайын белгілейді және бұл еңбек заңнамасында бекітілген. Осылайша, қолданыстағы заңнама конвенцияның ережелеріне сәйкес келеді деп айтуға негіз бар. Ал қаралып отырған конвенцияны ратификациялау Қазақстанда қызметкерлерді негізсіз төмен жалақыдан қорғауды қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ететін болады", - деді Жүнісов сенаттың бүгінгі отырысында.
Конвенцияның негізгі қағидаттары:
ең төмен жалақы жүйесін енгізу;
ең төмен жалақыны анықтау кезінде қызметкерлердің экономикалық факторлары мен қажеттіліктерін есепке алу;
еңбекақы төлеу саласындағы дискриминацияға тыйым салу.
Айта кетері, Қазақстанда ең төменгі жалақының қазіргі мөлшері 85 000 теңгені құрайды. Оның көлемі келесі жылы өзгермейді.