Жалған ақпарат: ​қазақстандықтарға 100 мың теңгеден өтемақы төленуге тиіс

0
531

Тек тексерілген ақпарат пен ресми дереккөздерде орналастырылған хабарламаларға ғана сеніңіздер.


Жалған ақпарат: ​қазақстандықтарға 100 мың теңгеден өтемақы төленуге тиіс

Алаяқтар қазақстандықтарға 100 мың теңге төленетіні туралы фейк ақпаратты тағы да тарата бастады, деп жазады stopfake.kz.


Facebook-те қазақстандықтарға мемлекеттен 100 мың теңге мөлшерінде өтемақы төленетіні туралы жарнамалық ақпарат тағы да шықты. Яғни, бұрын төленген қаражат қайтарылады, бірақ қандай қаржы екені нақтыланбайды. Бұл хабарландыру – фейк.


Бұл белгілі алаяқтық схема. Адамдардың ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін алаяқтар Facebook-те Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан парақша ашқан. Онда ведомство жаңалықтары да, пайдалы ақпарат та жоқ.


ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайтында әрбір қазақстандыққа 100 мың теңгеден өтемақы төленетіні туралы ақпарат жоқ. Ведомствоның Faceebok және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында да мұндай жаңалық жоқ.


Жарнамада келтірілген сілтеме арқылы өткенде белгісіз сайт ашылады. Онда төлемді алу үшін өзіңіз туралы ақпаратты толтыру қажет. Осылайша, алаяқтар сеніп қалған пайдаланушылардың банктік шоттарындағы ақшаны ұрлау үшін жеке деректерді біліп алады.


Адамдарды жаңылыстыру үшін алаяқтар жарнаманың астына пікірлер де жазған. Онда қазақстандықтар төлемдерді алғаны туралы айтқан. Алайда парақшаларды мұқият қарасақ, олардың бір күндік аккаунттар екенін түсінеміз. Бұл әдейі теріс пиғылмен жасалған. Парақшаларда белсенділік жоқ және бір-екі сурет қана бар.


Демек, жарнаманы алаяқтар адамдарды алдау үшін шығарған. Тек тексерілген ақпарат пен ресми дереккөздерде орналастырылған хабарламаларға ғана сеніңіздер.