Жалған сертификат сатқандар жазалануы мүмкін

0
994

Бұл бастаманы сауда және интеграция министрлігі көтеріп отыр.


Жалған сертификат сатқандар жазалануы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда жалған сертификат сатқан мекемелер жауапқа тартылады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл бастаманы сауда және интеграция министрлігі көтеріп отыр. Себебі, сапа стандарттарына сәйкес келетін сертификатты иеленіп алғандардың өнімдері іс жүзінде тиісті талаптарға жауап бермейтін жайттар жиі анықталады.

Сонымен, оларға қандай жаза тағайындалады? Бұл туралы Ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының орынбасары Қайнар Тайжанов пікір білдірді.

"Әкімшілік құқықтық заңнамада қарастырылған баптар бойынша айыппұл көлемі 90 АЕК тен 360 АЕК-ке дейін мөлшерде белгіленген. Ал егер заң бұзушылық жыл ішінде қайталанатын болса айыппұл көлемі үш есеге дейін өседі" - дейді Қайнар Тайжанов