Жалпықазақстандық бренд құру керек – Тоқаев

0
816

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған президент Үкіметке осындай тапсырма берді.


Жалпықазақстандық бренд құру керек – Тоқаев

ERNUR.KZ. Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған президент Үкіметке осындай тапсырма берді. Жалпықазақстандық бренд 2 айда дайын болуы тиіс, деп жазады Zakon.kz.

Елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев елге жаһандық, әсіресе өңірлік нарықта табысты, бәсекеге қабілетті, қуатты әрі технологиялық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет екенін айтты.

Ол индустриализация жылдары біраз іс атқарылғанымен, экономика айтарлықтай қарқын алмай отырғанын атап өтті. Президент дайын өнім экспортын дамыту керектігін айтып, отандық өнім өндірушілерді ынталандыру жолдарын ұсынды. Ал отандық өндірушілерді қолдауға бөлінген 600 миллиардтың 62 млрд ғана берілген.

Президент бұған бюрократиялық кедергілер әсер етіп отырғанын сынға алды.